ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

30 Views

Апта басында ауданда Жамбыл облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қабылдау өткізіліп, тұрғындардың өтініш-тілектері тыңдалды. Азаматтарды қабылдау шарасына аудан прокурорының орынбасары Қуанышбек Қартаңбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Наурызбай Сейдахмет және бірқатар аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Қабылдауға аудан тұрғындары келіп, көше жарығын орнату, саябақтардағы күзетшілер санын арттыру, баспана кезегін нақтылау, жұмыспен қамту сынды мәселелерді көтеріп, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Тіпті тұрғындардың бірі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне интернет-алаяқтық бойынша орын алған істі оң нәтижеде шешіп бергені үшін алғыс жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.Аудан прокурорының орынбасары Қуанышбек Қартаңбайұлы әр тұрғынға интернет-алаяқтық бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардан сақ болуға шақырды.

Ж.Сұлтан.

Поделиться ссылкой: