Өлеңі – өмірі
27 ViewsАстанадан, облыс орталығынан шалғай ауылда тұрап-ақ, адам баласының рухани күшінің қайыспас қайсарлығын танытып, күйкі тірліктің шаңына көмілмей, көкірегінде тулап жатқан шалқар ойды өлеңмен өрнектеп…
Біз неткен бақытты ұрпақпыз! Тасқа жазылған талайдан бергі тарихы мойындалған, тәуелсіздігі берік, шекарасы шегенделген, әлемдегі әсем қалалар санатындағы зәулім ғимараттарға толы Астана секілді Елордасы бар іргелі мемлекеттің болашақ буынымыз. Әлемде қаншама мыңдаған халық өз іргесін қалай алмай, әбігерге түсіп жатыр. Солардың мүшкіл халін көре отырып, Құдайға мың да бір тәубе деуіміз керек. Санада сілкінген ойдың тереңіне бойлап, әлемдік ауқым шеңберімен қарайтын болсақ, біз, қазақ жұрты, бақуатты да бақытты халықпыз деп айтуға әбден құқылымыз.
Рас, тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында қазақ халқы біраз күйзелістерді бастан өткерді. Десе де, сол қиындықтардың жемісін туырлығы желкілдеген бүгінгі ұрпақ сезінуде. Сол сезімнің бір ұшқыны – Астана. Астана бүгінде күллі қазақтың шамшырағына айналды. Сарыарқаның сайын даласындағы Елордамыз менмұндалап айдай әлемге айбарын көрсетіп тұр. Талай мәртебелі жиындар бұрынғыдай Брюссельді бетке алмай, ат басын Астанаға бұратын болды. Бүтін бір елдің тізгінін ұстаған парасатты басшылар мен саясаттағы саңлақ спикерлердің кез-келгенінің Астанаға тәнті болмаған кезі жоқ. Атағы алысқа кеткен Вашингтоныңыз болсын, Парижіңіз болсын, Лондоныңыз болсын, Ригаңыз болсын, Астанамен санасатын деңгейге жетті. Бұл мұқым қазақ үшін үлкен абырой және зор мақтаныш.
Астана – болашақтың қаласы. Біз бұл сөзді тектен-текке айтып отырғанымыз жоқ. Себебі қазақтың Елордасын Алматыдан Астанаға көшірер кезде бұл қадамға күдікпен қарағандардың қатары көп еді. Заманында күмәнмен қарағандардың жойдасыз ойы сап тиылды бүгінде. Арқа төсіндегі Астанамыз аз уақыттың ішінде Азияның зәулім шаһарларының бірегейіне айналып қана қоймай, әсемдігі көз баурайтын әлемдегі санаулы қалалармен тайталасатын деңгейге жетті. Бұл жетістіктің бәріне біз қалай қол жеткіздік? Әрине, біріншіден берекелі бірлігіміздің арқасы. Екіншіден ел басқарған Тұңғыш Президентіміздің, одан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әлемдік саясаттағы зор беделінің арқасы. Ендеше, өзгелер қызыға да, қызғана да қарайтын Астанамыздың жарқын жетістіктері көп болсын. Өрлей бер, асқақтай бер, Астана!
Марат Диханбай.