«Сұлутөр» кинотеатрының алды абаттандырылуда

25 Views

Құлан ауылында қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Соның бір дәлелі – қазіргі таңда «Сұлутөр» кинотеатрының алдындағы аумақтың абаттандырылып жатқаны. Бұл жұмыстар аудан әкімдігінің бастамасымен қабылданған «Құлан – мәдениет мекені» атты тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында қолға алынған. Абаттандыру жұмыстарын мердігер «БАЛЖАН» жеке кәсіпкерлігі жүргізуде.
Айта кету керек, «Құлан – мәдениет мекені» тұжырым­дамасы – бұл бір күндік бастама емес. Бұл – ауылдың мәдени келбетін жаңғыртуға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағыт­талған кешенді жоспар. Осы тұжырымдама аясында алдағы уақытта баянды бастамалар қолға алынбақ.
«Сұлутөр» кинотеатры – Құлан ауылының мәдени өмірін­дегі маңызды нысан. Оның маңындағы аумақтың абаттандырылуы – тек сыртқы көріністі реттеу ғана емес, бұл – тұрғын­дар үшін жайлы әрі эстетикалық орта қалыптастырудың алғышарттары.
Жалпы Құлан ауылы бүгінде жаңа келбетке ие болып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Жәнібек СҰЛТАН.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий