Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы І-ші жарты жылдығында атқарған жұмысы туралы
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы І-ші жарты жылдығында өз жұмысын бекітілген жоспарға сәйкес атқарды.
Бүгінгі күнге дейін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жоспарлы 3 отырысы өткізілді.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында аудандық Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтың, аудан әкімі Ернар Есіркеповтің және Т.Рысқұлов ауданы активінің қатысуымен «Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары және 2025 жылы алда тұрған міндеттері туралы» есеп беру жиыны өтті.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай 2025 жылдың 5-6 ақпанында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мен Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде, Құлан агротехникалық жоғары колледжінде және Абай атындағы орта мектебінде аталған ұжымының қызметкерлерімен және аудандағы белсенді жастармен арнайы кездесулер өтті.
Аталған кездесулерге аудан әкімінің орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, саяси партия мен БАҚ өкілдері, аталған оқу орындарының білімгерлері, жоғары сынып оқушылары және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Аудан бойынша 35 сайлау учаскелері бар. Оның ішінде: 7 сайлау учаскелері Құлан ауылында, 28 сайлау учаскелері ауылдық округтерде орналасқан. Сайлау учаскелерінің 25-сі мектептерде, 1-еуі колледжде, 8-і мәдениет үйінде, 1-еуі ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан.
Сайлау комиссияларының құрамы – 308. Оның ішінде аудандық сайлау комиссиясы – 7, учаскелік сайлау комиссиялары – 221, округтік сайлау комиссиялары – 80 комиссия мүшелерінен тұрады.
Сапалық құрамы төмендегідей:
Барлық комиссия мүшелерінің 148-і ер (48,05%), 160-ы әйел (51,95%).
Жоғары білімді – 163 немесе (73,75%);
Арнаулы орта білімді – 56 немесе (25,33%);
Орта білімді – 2 немесе (0,90%);
Ұлты бойынша: қазақ – 306, татар – 1, башқұрт – 1.
Сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту
Ағымдағы жылдың 27 ақпанында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған 8 сағаттық оқыту-семинары ұйымдастырылып, өткен семинар қорытындысы бойынша тестілеу жүргізіліп, тиісті сертификаттар табысталды.
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 30 сәуірдегі №3 қаулысымен 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған Абай, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Қайыңды, Қорағаты, Өрнек және Тереңөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша осы округтердегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған 4 сағаттық оқу-семинары ұйымдастырылып, аудандық сайлау комиссияның мүшелері оқытуды жүргізді.
Сонымен қатар наурыз-мамыр айларында Құлан және Абай ауылдық округтерінің сайлаушыларымен 2 семинар-кеңес өткізілді.
Т.Рысқұлов аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі №2 қаулысымен Абай, Ақыртөбе, Жаңатұрмыс, Қайыңды, Қорағаты, Өрнек және Тереңөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 18 мамырда өтті. Жалпы 10138 сайлаушының 6160 сайлауға қатысып, 60,76% құрады.
Сайлауға 1 аумақтық, 12 учаскелік сайлау комиссияларының жалпы саны – 68 комиссия мүшесі қатысты.
Сайлау нәтижесі бойынша әкім болып Абай ауылдық округіне Мұратбек Арыстанбек, Ақыртөбе ауылдық округіне Айбек Абишев, Жаңатұрмыс ауылдық округіне Рүстем Қырықбаев, Қайыңды ауылдық округіне Нұржан Сералиев, Қорағаты ауылдық округіне Бақытбек Аблазимов, Өрнек ауылдық округіне Айхан Назарбеков, Тереңөзек ауылдық округіне Қанат Смат сайланды.
Маусым айында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып сайлаушылардың тізімін өзектендіруге дайындық жұмыстарын атқарды.
М.Тлепов,
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
