Аудан бойынша 13 244 шаршы метр асфальт жабындысының шұңқырлары ағымдағы жөндеуден өтуде

140 Views

Ағымдағы жылы аудан бойынша жалпы көлемі 13 244 шаршы метр асфальт жабындысының шұңқырларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстардың ауқымды бөлігі Құлан ауылында атқарылуда. Мұнда 95 көше бойынша 4 000 шаршы метр жол жабындысының шұңқырлары ағымдағы жөндеуден өтуде.
Сонымен қатар шұңқырларды қалпына келтіру жұмыстары Көкдөнен (2 көше), Қорағаты (4 көше), Өрнек (2 көше), Сәлімбай (1 көше), Көгершін (4 көше), Р.Сәбденов (5 көше), Қызылшаруа (4 көше), Қайыңды (3 көше), Сөгеті (2 көше), Құмарық (7 көше), Каменка (4 көше), Луговой (3 көше), Ақыртөбе (5 көше), Малдыбай (2 көше) ауылдарында жүргізілуде.
Бұдан бөлек, бірқатар ауданішілік және ауыларалық жолдардың шұңқырларын жамау жұмыстары қолға алынған.
Атап айтқанда:
Д.Қонаев – Әбілхайыр бағытындағы тас жол – 350 ш.м.;
Көгершін ауылына кіре беріс жол – 150 ш.м.;
Тасшолақ – Жалпақсаз тас жолы – 80 ш.м.;
Каменка–пионер лагерь бағытындағы жол – 350 ш.м.;
Қаракемер ауылына кіре беріс жол – 120 ш.м.;
Қорағаты мен ст.Қорағаты–Аққайнар – Мамыртөбе бағытындағы жол – 70 ш.м.
Жөндеу жұмыстары мемлекеттік сатып алу рәсімдері негізінде «Бексұлтан-Бірлік» ЖШС мердігер мекемесі арқылы жүргізілуде.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: