Негізгі жұмыстың мақсаты – түсіндірме жұмыстарын жүргізу

97 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Бейбітшілік пен келісім» тұжырымдамасы аясында, Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен арнайы ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған болатын. Осы топтың жұмыс жоспарына сәйкес, апта басында  ақпараттық-түсіндіру тобы ауданға келіп, Ақыртөбе, Д.Қонаев, Құлан және Луговой ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесулер өткізді. Жобаның негізгі мақсаты – этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастар арасында салауатты көзқарас қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Абдирахманұлы, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мүбарак Қасымқызы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Асанханұлы, сондай-ақ, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобының бастығы Ербол Ибрагимұлы қатысты. Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындармен еркін форматта әңгімелесіп, өзекті мәселелер бойынша сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан көтерілген бірқатар ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ.

Поделиться ссылкой: