НЕ БІТІРДІК ӨЗІ?

102 Views

Келер күннен не күтеміз?

Қажырлы еңбектің арқасында жартыжылдықтың қорытындысымен инвестиция
көрсеткіштері бойынша 47% өсім көрсетіп, республикада алғашқы үштіктен көріндік. Шыны
керек, инвестиция тарту өте қиын әрі нәзік дүние. Инвестордың көңілін дөп баспасаң, сонша уақыт
жүргізген келіссөзден ешқандай нәтиже шықпауы мүмкін. Құр уақыт шығындайсың. «Қаржы
салғанның назы болады» дегендей, өңір экономикасына ақша салған инвесторға кейде жалынуға да,
жалпақтауға да тура келеді. 1 жылдың ішінде жалпы құны 1,5 триллион теңгеден асатын жаңа
20 зауыт пен цехтардың құрылысы басталып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы
құны 4 триллионға жуық 80-нен астам жобалар бойынша жұмыстар істеліп жатыр. Бұл жай
ғана өтірік есеп емес, нақты көрсеткіш.
Тамабек ӘБІЛҚАЙЫР,
облыс әкімінің орынбасары.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ
БОЛМАУЫ
Облыстағы инвестиция тартуға ең үлкен
кедергі – инфрақұрылымның жоқтығы. Жүйелі
түрде инвесторлардың келмеу себептерінің бірі
сол деп ойлаймын. 2021 жылдан бері аты бар,
Қажырлы еңбектің арқасында жартыжылдықтың қорытындысымен инвестиция
көрсеткіштері бойынша 47% өсім көрсетіп, республикада алғашқы үштіктен көріндік. Шыны
керек, инвестиция тарту өте қиын әрі нәзік дүние. Инвестордың көңілін дөп баспасаң, сонша уақыт
жүргізген келіссөзден ешқандай нәтиже шықпауы мүмкін. Құр уақыт шығындайсың. «Қаржы
салғанның назы болады» дегендей, өңір экономикасына ақша салған инвесторға кейде жалынуға да,
жалпақтауға да тура келеді. 1 жылдың ішінде жалпы құны 1,5 триллион теңгеден асатын жаңа
20 зауыт пен цехтардың құрылысы басталып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Жалпы
құны 4 триллионға жуық 80-нен астам жобалар бойынша жұмыстар істеліп жатыр. Бұл жай
ғана өтірік есеп емес, нақты көрсеткіш.
Тамабек ӘБІЛҚАЙЫР,
облыс әкімінің орынбасары.

Инфрақұрылымның болмауы

Облыстағы инвестиция тартуға ең үлкен кедергі – инфрақұрылымның жоқтығы. Жүйелі түрде инвесторлардың келмеу себептерінің бірі сол деп ойлаймын. 2021 жылдан бері аты бар, алайда бірде-бір инфрақұрылымы жоқ Тараз индустриалды аймағын (ИА) инфрақұрылыммен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газы, суы, электр желісі, кәріз жүйесі, жолдары жыл соңына дейін аяқталуы қажет. Соның нәтижесінде ИА аумағы жанданып, құрылыстар басталды.

ИА-да ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК АУМАҚ соғылып, қазіргі таңда есік шығаратын цех, күйдірілген шыны зауыты, жаңбырлатып және тамшылатып суаратын құрылғыларды шығаратын зауыттар, құрылысқа пайдаланатын құрғақ қоспа және бетон бұйымдарын шығаратын цехтар өз жұмысын биыл бастайды.
Сонымен қатар индустриалды аймақта трактор құрастыратын, электр энергиясы құрылғыларын өндіретін, темір бұйымдарын шығаратын зауыт жобаларын пысықтап жатырмыз. Жыл соңына дейін жұмыстар басталады.
Сондай-ақ, Талас, Сарысу-1, Сарысу-2, Меркі, Құлан субаймақтары құ­рылды. Талас субаймағының инфрақұрылымы аяқталуға жа­қын, қалған субаймақтардың инфра­құры­лымы жасалады.

Арнайы экономикалық аймақ

10 жылдан бері қимылсыз жатқан арнайы экономикалық аймақта 10 зауыттың құрылысы басталды. Оның ішінде SANY компаниясының жел электр станциясы құрылғыларын өндіру зауыты, өндірістік кремний зауыты, Орталық Азиядағы ең үлкен жүгеріні терең өңдейтін зауыт, 3 миллион тонналық темір бұйымдарын шығаратын зауыт, сутегі асқын тотығын өндіретін зауыт, ірі қара мал терісінен желатин өндірісі, 3 дөңгелекті мототехника, натрий цианиді т.б. өндіріс орындары соғылуда.
Бұл – Орта Азияда теңдесі жоқ жобалар. АЭА аумағын тағы да 300 гектарға кеңейтіп жатырмыз. Сонымен жалпы аумағы 805 га-ны құрайтын болады. «Химпарк Тараз» атауы «Jibek Joly» деп өзгертілді.

Созылмалы жобалар

2009 жылы басталған «Еврохим» жобасы мен 2018 жылы қол қойылған «QazaqSoda» зауыттарының қарқынды соғылып жатқанына 1 жыл болды. Осы жобалардың негізгі мәселелерін кезең-кезеңмен шешіп жатқанымыздың арқасында «Еврохим» биылғы жылы 800 мың тонналық күкірт қышқылы зауытын іске қосады. «QazaqSoda» болса келесі жылы зауытты толық іске қосады. Ол әлемдегі 72 ғана кальцийлендірілген сода шығаратын зауыттың бірі болмақ.

Қазфосфат үйіндісі

Облыс орталығындағы ең негізгі проблемалардың бірі – фосфор үйінділері, яғни фосфогипс. Әлемде фосфогипсті өңдейтін жалғыз ел – ол Қытай. Алпауыт АҚШ-тың өзі үйінді жасаған. Ресейде де жағдай солай. Ал Марокко сияқты Африка елдері кейде теңізге де ағызып жібереді.
Біраз уақыт зерделеп, зерттеп, өңдеу технологияларын көріп, Қазфосфат өкілдері мен Қытай компанияларының басын біріктіріп келіссөздер жүргізе отырып, ортақ мәмілеге келгендейміз. Алла қаласа жұмыстар басталды. Фосфогипсті өңдеп, құрылыс материалдарын өндіретін күнге де аз қалды. Негізгі мәселе – өнім өндіру емес, қаланы үйіндіден тазарту.

Ауыл шаруашылығындағы ірі жобалар

Егін егіп, мал баққан шаруалар үшін ең қиын мәселе өз өнімдерін тұрақты бағамен өткізу. Жылдағы шіріп кететін пияз, сақтайтын орын табылмай көгеретін жүгері, өткізе алмай қиналатын қызылша. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен осы салаға инвестиция тарту жұмыстарын бастадық.
Қант қызылшасы. Жамбыл жеріндегі қант зауыттар соғыс алдында 1934 және 1937 жылдары соғылған. Яғни 90 ЖЫЛҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ ішінде Жамбыл жерінде жаңадан бірде-бір қант зауыты соғылмаған. Жалпы қазақ жерінде тәуелсіздік алғалы бері қант зауыты соғылған емес. Ең жаңасы – 1967 жылғы Ақсу қант зауыты. Жақын уақытта Байзақ ауданында қуаттылығы 1 миллион тонналық ЖАҢА ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ басталады. Жобаны келер жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Бұйыртса биылдан шығып алсақ, келер жылы шаруаларымыз өз өнімдерін жаңа зауытқа өткізетін болады.
Жоғарыда жазған жүгеріні терең өңдеу зауыты да биылдан бастап жүгеріні қабылдайды. Қазіргі жүгері алқабын 20 есе өсірсек те толық қамтамасыз ете алмаймыз. Сол себепті зауыт өнімді республика бойынша қабылдайды. Енді ЖҮГЕРІ ЖАРАМАЙ ҚАЛАДЫ деп қорықпайтын болдық.
Қараша айында Алель агроның 75 мың тонналық тауық сою цехы іске қосылады. Бұл Макинск құс фабрикасынан кейінгі Қазақстандағы КӨЛЕМІ жөнінен 2-ОРЫНДАҒЫ тауық сою цехы болмақ.
2024-2025 жылдары жалпы көлемі 50 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын заманауи қоймалар іске қосылады. Бұл өз кезегінде облыста өсірілетін пияз, картоп секілді өнімдерді ұзақ әрі сапалы сақтауға өз септігін тигізбек.
Өңірде 400 бастан асатын ЖАЛҒЫЗ сүт фермасы болған, қазіргі таңда 4 сүт фермасының құрылысы жүруде. Барлығы жыл соңына дейін аяқталуы қажет.

Туризм

Тұрақты жұмыс орны, жоғары жалақы, лайықты сервис, бос уақыт өткізетін жерлер болмаған соң жастардың барлығы үлкен қалаға кетуге мәжбүр болады. Негізінен жастардың облыстан кетуі – үлкен трагедия. Себебі олар демографияның негізгі қозғаушы күші, негізгі жұмыс күші. 15-39 жас аралығындағы өңір халқының көшіп-қонуы 7500 адамға теріс сальдо көрсетіп отыр. Яғни жылына Әулиеата халқы орта есеппен 7-8 мың жасты жоғалтып отыр.
Жоғары аталған инвестициялық жобалар тұрақты жұмыс орны мен жалақы мәселесін шешкенімен демалу мәселесін де назардан тыс қалдырмау керек. Осыған орай, облыстағы әлеуетті 4-5 локацияны анықтап, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді бастап кеттік. Биыл демалуға барып, жол нашарлығынан демалғаныңды ұмытып қалатын Алмалы резорт, Таскөл, Көлсай демалыс аймақтарына асфальт жол төсеу жұмыстары аяқталды. Келер жылы табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарда бар.
Көксайда «Aqniet group» компаниясы TARY визит орталығының құрылыс жұмыстарын жақын арада бастайды. Яғни мұндай орталық Аюсай, Көлсай, Бурабай, Шарын шатқалынан кейін бізде пайда болмақ. Шетелдік қонақтарды да ұялмай қарсы алу үшін әлемдік қонақ үй желісі – HILTON қонақ үйінің де құрылыс жұмыстары басталды. Келер жылы пайдалануға беріледі. Маржан Кәрімжанқызы жазғандай, видеоға «әртіс болып», образға кірмей-ақ, үнсіз осындай дүниелерді жасап жатырмыз. Бәріне уақыт керек.
Қасиетті Әулиеата жерінде өндірістік «бум» басталды, енді тоқтату мүмкін емес. Осындай ауқымды дүниелердің басында Ербол Шырақпайұлы бастаған команда тұр. «Бектер кетсе, ел қалар» демекші, қызмет уақытша. Бастысы болашақта осы істер Әулиеата халқының игілігіне жарайтынына толық сенімдімін. Мақтаған Әбілхайырларыңыз тойды да, ойды да бүлдіріп жатқан жоқ. Ниет – пиар емес, елге пайдасы тиетін жобалар жасау. Қызыл сөз емес, іс қалдыру.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан.

Поделиться ссылкой: