Тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды
16 ViewsСәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда ішкі саясат және спорт салаларындағы негізгі міндеттер мен өзекті мәселелер қаралды. Кеңес барысында…
Осы аптада аудан әкімдігінің
үлкен мәжіліс залында аудан
басшысы Ернар Серікәліұлының
төрағалығымен 1-ші тамыз бен
20-шы қазан аралығында өтетін
ұлттық ауыл шаруашылығы
санағына қатысты алқалы
жиын өтті. Бұл жиын жөнінде
әріптесіміз Жәнібек Сұлтан жазған
мақаланы біз газеттің бірінші
бетіне жариялап отырмыз. Осы
жиында аудандық статистика
басқармасының басшысы Пірімқұлов
Бақытжан Жайлаубайұлы
бағдарлы баяндама жасаған еді.
Үлкен кісілердің көбі газет оқиды.
Жастар жағы әлеуметтік желіде
отырады. Дегенмен қай тұрғыдан
алсақ та, біздің көздеген мақсат
– халықты ақпараттандыру.
Қазірдің өзінде көпшіліктің бұл
жаңалықтан хабары бар деген
ойдамыз. Өйткені барлық мерзімді
баспасөз құралдары да, телеэкранда
да осы тақырып қызу талқыланып
жатыр. Біз де газетіміздің бүгінгі
нөмірінде аудандық статистика
басқармасының басшысы Пірімқұлов
Бақытжан Жайлаубайұлымен
өрбіген сұхбатты сіздердің
назарларыңызға ұсынып отырмыз.
– Бақытжан Жайлаубайұлы, осы
жылдың тамыз айының 1-і мен қазан
айының 20-сы аралығында елімізде
ұлттық ауыл шаруашылығы санағы
өтеді. Бұл санақтың маңыздылығы
мен мақсатын түсіндіріп айтып
берсеңіз?
– Санақ деген – маңызды статистикалық
іс-шара. Мұндай санақ Біріккен
ұлттар ұйымы азық-түлік және ауыл
шаруашылығы ұйымының ұсынысымен
әр он жылда 1 рет өткізіліп тұрады.
Және ол бүкіл ел аумағын қамтуы тиіс.
Алғашқы санақ 2006-2007 жылдары
жүргізілген болатын. Бұл ауқымды
статистикалық шара республиканың
барлық өңірін қамтып, ауыл шаруашылығының
жай-күйі туралы өзекті
деректердің маңызды көзіне айналады.
Енді санақтың мақсатына
тоқталсам.
Мұндағы басты мақсат
– ауыл шаруашылығының жай-күйі.
Яғни шаруашылықтардың құрылымы,
техниканың болуы, жануарлар, егіс
алқаптары және басқа ресурстар
Санаққа қатысу жай ғана рәсім емес,
бұл дегеніңіз – аграрлы салаға серпін беру
деген ұғым
туралы толық ақпарат алу. Бұл деректер
мемлекетке тиімді аграрлық саясат
әзірлеуге, фермерлерді қолдауға және
саланы дамытуға көмектесері сөзсіз.
– Енді жаңа жиын барысында
да өзіңіз атап өттіңіз. Мен тыңдағаныммен,
көпшілік естіген жоқ қой.
Сондықтан санаққа кімдер қатысуы
керек. Тағы да сол жағын көпшілікке
ұғынықты болуы үшін тәптіштеп
жазсақ?
– Санаққа кімдер қатысуы керек?
Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы
және балық шаруашылығымен
айналысатын заңды тұлғалар,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер,
жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе
фермерлік қожалықтары, яғни мал, құс,
балық өсіретін, бақшасы бар және тағы
да басқа жеке қосалқы шаруашылық
иелері қатысады. Санақта қойылатын
сұрақтар мынадай:
– Ауыл шаруашылық алқаптарының
болуы және түрлері.
– Мал басы мен құс саны.
– Қолданатын техника. Егіс алқаптары
және тағы басқалары. Санақ екі
кезеңде өтеді.
– Осы жерде тағы бір сұрақ
туындайды. Сіз айтқан кезеңдер қай
ай аралығын қамтиды?
Бірінші кезең – онлайн кезең.
Тамыз айының 1-і мен 31-і аралығында
өтеді. Бұған өсімдік және мал
шаруашылығымен, балық өсірумен
айналысатын заңды тұлғалар, жеке
кәсіпкерлер, шаруа және фермер
қожалықтары, сондай-ақ, үй шаруашылықтары
қатысуы тиіс. Сауалнама sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Екінші
кезең – офлайн кезең. Бұл қыркүйек
айының 20-сы мен қазан айының 20-
сы аралығында өтеді. Осы кезеңде
интервьюерлер онлайн-сауалнамадан
өтіп үлгермеген, бау-бақшасы бар
немесе мал ұстайтын үйлерді аралайды.
Санақта аудан бойынша 13 340 үй
шаруашылығын
және 3358 ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерді қамту
жоспарланған. Осы жұмыстарды жүргізуге
аудан бойынша 7 нұсқаушы,
сауалнама жүргізу үшін 29 интервьюер
тартылып отыр. Азаматтарға ыңғайлы
болу үшін ауылдық әкімдіктер мен
аудандық статистика басқармасында
интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет
көрсету аймақтары болады. Марат мен
осы арада барлық ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерге, фермерлерге
және ауыл тұрғындарына үндеу
жасағым келеді. Ауыл шаруашылығы
санағына қатысу – жай ғана рәсім емес,
бұл еліміздің аграрлық саласының
ертеңіне қосқан үлес. Тек толық әрі
нақты деректер ғана мемлекеттік
қолдауды дұрыс бағыттап, ауылдың
инфрақұрылымын дамытуға және ауыл
шаруашылығы мен азық-түлік саясатын
тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Тұрғындар осы мәселеге баса мән берсе
екен деймін.
– Бақытжан Жайлаубайұлы
ашық пікір білдіріп, бізге уақыт
бөлгеніңізге
алғыс білдіремін.
Сұхбаттасқан
Марат ДИХАНБАЙ.