Өмірден ерте кеткен ер Ертай…
39 ViewsЖауын Ертай Ернарұлы. Бұл есімді менің білгеніме 2-3 жылдың жүзі болды. Ертайдың өмірі қысқа болды. Ол әрине ауырып сыздаған жоқ. Мектепте де үздік оқушылардың…
АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҮЛКЕН
МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАН
ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВТІҢ
ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕС ӨТТІ.
КЕҢЕСТІҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫБЫ –
ҰЛТТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
САНАҒЫ.
ЖИЫНҒА АУДАН ӘКІМІНІҢ
ОРЫНБАСАРЛАРЫ, АУДАНДЫҚ
МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ,
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР, ШАРУА
ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫЛАРЫ МЕН
АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ
ҚАТЫСТЫ.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов өзінің кіріспе
сөзінде аталмыш санақ жұмыстары тамыз
айынан бастау алатынын айтып, бұл маңызды
науқанға бір кісідей атсалысу керектігін алға
тартты. Аудан басшысы барша қатысушыларды
ақпарат тарату, насихат жұмыстарын
жүргізуде бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Жалпы аудан бойынша 13 000-нан астам үй
шаруашылығы мен 3 358 ауыл шаруашылығы
тауар өндірушісін санақтан өткізу жоспарланып
отыр. Санақ екі кезеңде жүзеге асады. Бірі –
онлайн болса, екіншісі – офлайн. Алғашқысында
тұрғындар өз мәліметтерін өздері sanaq.gov.
kz порталында тіркейтін болса, екіншісінде
– арнайы мамандар аулаларды араламақ. Бұл
жұмыстарды жүргізу үшін ауданға 7 нұсқаушы мен 29 интервьюер тартылмақ. Аудандық
статистика басқармасының басшысы Бақытжан
Пірімқұлов өз баяндамасында аулаларды
аралайтынын интервьюер қандай киім үлгісінде
болатынын да көрсетті.
Жиында аудандық ауылшаруашылығы
бөлімінің басшысы Темірғали Биғазиев те
сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын белсенділікке
шақырды.
Санақ жүргізудің бұл форматы дамыған
елдерде бұрыннан бері өтіп жүр. Дегенмен ТМД
елдері арасында Қазақстан алғашқылардың бірі болып өткізбек. Бұл науқан агросаланың әлеуетін бағамдауға, басым бағыттарды айқындауға сеп болмақ.
Жәнібек СҰЛТАН.