Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
52 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, халықпен кездесу – әкімдердің жұмысының маңызды бағыты ретінде айқындалған. Осыған орай, аудан әкімінің 2025 жылға арналған тұрғындармен кездесу кестесі бекітіліп, жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Өткен сәрсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Қорағаты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Бұл – аудан әкімінің қатысуымен өткен 20-шы кездесу. Жиын барысында округте атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. 2024 жылы Қорағаты ауылдық округіне 349,8 миллион теңге бөлініп, көше жарығын орнату, ауыз су жүйесін жөндеу, мәдениет үйі мен өрт сөндіру бекетін газдандыру, фельдшерлік пункт салу сынды бірқатар жобалар жүзеге асырылған.
2025 жылға округ бойынша 9,2 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылып, көше жарығын орнату, күл-қоқысты шығару және көктемгі-күзгі абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бір ғана мәселе – жер мәселесі көтерілді.
Аудан әкімі бұл мәселені назарға алып, тиісті бөлім басшысына және ауыл әкіміне нақты тапсырма берді. Сонымен қатар мәселенің орындалу барысын өзінің жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.
Кездесуден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады. Атап айтқанда, үй мәселесіне қатысты ауыл тұрғынымен жеке әңгімелесу өткізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сапар аясында аудан әкімі Қорағаты ауылындағы мәдениет үйі мен медициналық пунктке барды. Мекемелердің техникалық жағдайымен танысып, мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары қажет екенін атап өтті.
Сапар соңында аудан басшысы округ аумағында салынып жатқан ветеринарлық пункттің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты сала басшыларына құрылыс сапасын бақылауда ұстап, нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру мәселесін шегелеп тапсырды.
Кеше дәл осындай халықпен кездесу жиыны Ақбұлақ ауылдық округінде де өтті. Онда Қорағаты ауылында өткен кездесудегідей ауданның экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәліметтер кеңінен айтылды. Сұрақ-жауап кезеңінде ауылдық округ тұрғындары бірқатар сауалдар да қойды. Ол сұрақтарға аудан басшысы Ернар Серікәліұлы жан-жақты мысалдар арқылы жауап беріп, көпшіліктің алғысын алды.
Ақжарқын МҰРАТБЕКҚЫЗЫ.