Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі лауазымына кандидат Жапар Бекболат Әбітханұлының өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасы
ӨМІРБАЯНЫ
Жапар Бекболат Әбітханұлы 1993 жылдың 7 қазанында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келген.
2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2019 жылы Т.Рысқұлов ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2019-2020 жылдары Т.Рысқұлов ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы болып еңбек еткен.
2020 жылдың 20 наурызынан бастап, Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келеді.
Үйленген, отбасылы.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Ақбұлақ ауылының тұрғындар! Мен Жапар Бекболат Әбітханұлы Ақбұлақ ауылдық округі әкіміне өз кандидатурамды ұсына отырып, аудан әкімдігі мен мәслихат арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үрдісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді бағдарламаның басты бағыты ретінде қарастырамын.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Ауылдық округтің инфрақұрылымын одан әрі дамыту;
– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті дамытуға атсалысуды басшылыққа алу;
– Ауылдық округтегі елді мекендерді көріктендіру мен абаттандыруды жалғастыруды және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, кішігірім архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту;
– Салауатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылдық округтегі елдімекендер бойынша өркендетудің құралы мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру;
– Ауылдық округ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, діни көзқарастарына дұрыс бағыт-бағдар беруге, теріс ағымдар мен нашақорлыққа салынбауына және мектепте білім алу сапасына ерекше көңіл бөле отырып, заманауи технологиялармен жабдықтауға ықпал жасау;
– Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейту;
– Округ аумағындағы саяси тұрақтылық ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасауды олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін құзіретті органдармен әділ шешуді қатаң бақылауға алуды және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыру;
– Төменгі пайызды несиелер арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
– Мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне мән бере отырып, олардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
24 тамызда мені қолдап, дауыс бересіздер деген үміттемін.Халық мүддесі – менің басты бағдарым!