Айару – аудан мақтанышы

186 Views

Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы Айару Каипованың жеткен жетістіктері туралы да біз кө-өөөөө-п жаздық. Айарудың да өзі қатысқан кез келген жарыста жүлдесіз қайтқан кезі жоқ. Ол шахматтан Қырғызстан және Тайланд мемлекеттерінде өткен Азия чемпионаттарында топ жарды. Қырғызстанда жекелей сында жеңімпаз атанса, Тайландта командалық сайыста Азия чемпионы атанды. Айару елішілік жарыстардың көбісінде жеңімпаз атанды. Оны газетте де ұдайы жазып жүрміз.
Бұнымен біздің айтпағымыз не? Айарудың тәрбиесін айтқымыз келіп отыр. Айарудың әкесі әрі жаттықтырушысы Ниязбек Каипов та өте ақылды жігіт. Шахматтың өзі ақылдылардың ойыны ғой. Мына интернетіңіздің әлеуеті артып тұрған заманда бала тәрбиелеудің өзі де қиынға соғып тұрғаны рас. Дәрігер мамандар балаға ұялы телефон ұстатпауды ескертіп-ақ жатыр. Жазғымыз келгені де сол еді. Ауылда оқып-ақ, Азияға танылып, чемпион болуды Айару дәлелдеді деп ойлаймыз. Бастысы – мақсат қоя білу керек. Және сол мақсатқа жету үшін босқа қарап жүрмей, еңбек ету қажет. Ниязбек Каиповпен талай сұхбаттастық та. Мінеки, Ниязбек Каипов қызын осы бағытта тәрбиелеп, өсіріп жатыр. Осы миссия өзге жас өскіндер мен олардың ата-аналарына да өнеге болса дейміз. Қыркүйек айында Айару Алматыда шахматтан өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды. Осы айтулы додада оған сәттілік серік болсын деген тілек айтқымыз келеді. 

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: