Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Қазақ халқының құқықтық бастауы сонау «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғыдан» бастау алып, олардың дала конституциясы құқығына ие болғаны баршамызға аян. Қазіргі қолданыстағы Конституция 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданып, Конституция еліміздің құқықтық жүйесіндегі ең жоғары әрі тура іс-әрекет жасайтын заң ретінде жүзеге асып келеді.
Ата Заңымыз біздің ата-бабаларымыздың аңсап кеткен егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізуінің куәсі. Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан халқы жаңа Конституцияның қабылдануына бірауыздан дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Осылайша ғасырлар бойғы халқымыздың арманы жүзеге асып, тәуелсіз еліміздің Заңы қабылданды. Ата Заңымыз біздің қоғамға үлкен өзгерістер алып келді.
Конституция қоғамда тұрақтылықты нығайтып, құқықтық мемлекет құруда зор ықпал етіп келеді. Саяси өзгерістерге байланысты үлкен жолдан өтуімізге мүмкіндік берді. Қазақстанды бүкіл әлем танып білді. Қоғамның бірлігі мен тұтастығын сақтап, биліктің озық үлгідегі институттарын құрып, құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастырды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-ші бабының 1-ші тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық»,– делінген. Бұл Конституциялық норма Қазақстандағы биліктің қайнар көзі халық екенін көрсетеді. Маңызды міндеттердің бірі азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтары, олардың конституциялық тұрғыдан қамтамасыз етілуі болып табылса, бүгінде Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің мемлекет қорғауында екенін толық сезіне алады.
Құқықтық мемлекеттік тұғыры қашанда заңның жоғарғы мәртебесінде, Конституциямыздың мызғымас беріктігінде екендігін уақыт дәлелдеді.
Көп этносты мемлекетіміздегі адам құқықтарының тең дәрежеде қорғалуы Конституциямыздың басты жетістігі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы уақыт сынынан мүдірмей өтті, біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Ата Заңымыз қазақ халқын басқа мемлекеттерден қалмай биік шыңға жетелеуші, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығының кепілі.
Сондықтан негізгі заңға құрметпен қарау – біздің ортақ парызымыз және оны сақтау – әрбір азаматтың борышы.
Осы абыройлы міндетті орындасақ, мемлекетіміздің қашанда алдыңғы қатарлы мемлекет болатынына күмән жоқ.
Ата Заң қабылданған күн еліміздің ұлттық мерекесіне айналды.
Еліміз аман, заманымыз бейбіт болсын.
Роза Сулейманова,
аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы.