Музыканың әлемі – Төлебаев мектебі!
107 ViewsӨткен сенбіде Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің ұжымы өздерінің 50 жылдық мерейтойларын атап өтті. «Шығармашылық пен еңбектің жарты ғасыры» деген тақырыпта өткен Мэлс…
Жақында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің «Рухани жаңғыру» офисінде аудан әкімінің орынбасары Айбек Жаханбайұлы мен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңіс Бақытбекұлы зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиынға аудандағы ардагерлер, әкелер кеңесі, билер кеңесі және аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Басқосуда қатысушылар атқарып отырған жұмыстары жөнінде баяндап, ауданның өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, бірқатар ұсыныстарын да ортаға салды. Жиын қорытындысында айтылған пікірлер мен ұсыныстар назарға алынып, тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді. Сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған мұндай кездесулердің алдағы уақытта да жалғасатыны жеткізілді.
«Құлан медиа» ақпарат.