Ата заңым – айбыным!

210 Views

ҚР Ата заңына 30 жыл толуына орай ағымдағы жылдың тамыз айының 1-і күні Көліктегі полиция департаменті Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінде «Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат» атты танымдық сұрақ-жауап кеші өтті. Аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері М.Керімбаева, Л.Молдагуланова және С.Егембердиева полиция қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында кітапханашылар руханияттың шамшырағы ретінде поэтикалық жыр жолдарын оқып, тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасады. Іс-шараға қатысқан полиция қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, шарадан жағымды әсермен тарқасты.

Қанат Удербаев,
Түрксіб ст. ЖПб Жеке құраммен жұмыс тобының аға инспекторы, полиция майоры.

Поделиться ссылкой: