Конституциялық заңның үстемдігі – әділетті қоғам кепілі

57 Views

Қазіргі таңда Қазақстан Респуб­ли­касы жаңа саяси әрі құқықтық даму кезеңіне аяқ басты. Ел Прези­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген рефор­малар, оның ішінде сот жүйесін жетілдіру және Конституциялық бақылауды күшейту – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шынайы қор­ғауға бағытталған. Осы ретте Консти­туциялық соттың қыз­меті мен сот актілерінің орындалу тиімділігі басты назарда тұр.

Бүгінде Конституциялық Сот – еліміздің Ата заңының үстемдігін қам­та­масыз етуші басты орган. Бұл институт азаматтар мен заңды тұл­ғалардың, тіпті мемлекеттік орган­дардың да құқықтық дауларда Консти­туциялық нормаларға сүйене отырып, әділет іздеуіне мүм­кіндік береді.

Конституциялық сот­тың шешімдері – түпкілікті және мін­детті. Бұл оның жоғары беделін және шешімдердің орындалу маңызын көрсетеді.

Алайда сот шешімдерінің орын­далуы – құқықтық мемлекеттің бас­ты белгісі.

Бұл – құқықтық мәдениет пен жауапкершілік деңгейінің төмендігін аңғартады.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар ретінде біз әділеттіліктің толық орнауына сот актілерінің дер кезінде әрі сапалы орындалуы арқылы ғана қол жеткізуге болатынын баса айтқымыз келеді. Бұл – азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттырып, құқықтық мәдениетті нығайтудың нақты жолы.

Біз Конституциялық соттың мәртебесін арттыра отырып, оның шешімдерін бұлжытпай орындауға барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін заң жүзінде күшей­туді қолдаймыз.

Сонымен қатар азаматтық сектор мен БАҚ арқылы құқықтық ағартушылық жұмысын күшейтіп, қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру қажет.

Құқықтық мемлекет құру – тек билік өкілдерінің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әділ сот жүйесі, мықты Конституциялық бақылау және орындалатын шешім – осы үштік ел болашағының негізі болмақ.

 Б.Мырзалиева,

«Құлан Нұры» ҚБ жетекшісі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий