Газ ісіне жауапкершілікпен ќарайтын азамат

52 Views

Газ – әрбір  отбасының тұр­мысында, өндірісте, жалпы қоғам өміріндегі маңызды ресурс. Оны халыққа үздіксіз жеткізу үшін мыңдаған маман күн-түн демей еңбек етуде. Солардың бірі – Нұрсұлтан Орынтайұлы. Ол бүгінде ауданымыздың газ шаруашылығы мекемесінде слесарь болып жұмыс істейді.

– 2006 жылы  Т.Рысқұлов аудандық  газ шаруашылық мекемесіне  жұмысқа  кірдім. Қазіргі «ҚазақГазАймақ»  Жамбыл өндірістік филиалында 20 жылға жуық осы салада жұмыс істеп келе жа­тырмын. Әр жұмыстың өзінің қиындығы  болады. Шыдай білген адам ғана еңбектің нәти­жесін көреді. Негізгі жұмы­сымыз халыққа үздіксіз авария­сыз газ беру. Жұмыс істеймін деген адамға барлық жағдай жасалған. Слесарлықтан мас­терлікке, одан  инженерлік басшы болуға дейінгі салада жүріп өтуге болады. Киіміміз, құрал-жаб­дықтар  бәрі уақтылы беріледі. Аптасына 2 рет тексеріс болады. Шырпыларды қараймыз. Менде 20-дан аса  шырпы бар. Жылына 1 рет ағымды жөндеу болады. Мамандық  таңдаған  жастарға  айтарым, газ саласы өте жақсы. Бәрін үйреніп алып, жауапкершілікпен жұмыс жасаса, өзінің өсіп-өркендеуіне жақсы, – дейді Нұрсұлтан Орынтайұлы.

Осылайша ауданымыздың энер­гетикалық  қауіпсіздігін қамта­масыз ету үшін мыңдаған еңбек адамы тер төгуде. Газ саласының мамандары халық­тың тұрмыс-тіршілігі мен өн­діріс­тің дамуына үлкен үлес қо­сып жүрген  қарапайым  енбек адамдары деп айтуға толық негіз бар.

Айдана Мақсұт.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий