Ардагерлерге құрмет көрсетті

129 Views

1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай, Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Кадыров Оралбек Қалдарбекұлы қызмет борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан Луговой ст. ЖІІб есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің жедел уәкілі, милиция лейтенанты болған Жанаділов Жеңіс Үмбетұлының анасы Жанаділова Бейсекүл Шарғынқызын Қарттар күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті.

Осы күні Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Кадыров Оралбек Қалдарбекұлы ішкі істер органдарының ардагері, Түрксіб ст. ЖПб ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманберді Қойшыбек Зуайдаұлын Қарттар күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті.

 Қанат Удербаев,

Түрксіб станциясындағы

желілік полиция бөлімі

жеке құраммен жұмыс тобының аға инспекторы,

полиция майоры.

Поделиться ссылкой: