Мамай мен Сөгетіге таза ауыз су келді
55 ViewsӨткен жұмада Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары үшін тарихи күн болды. Олай деуге толықтай негіз бар. Себебі талай жылдан бері…
Өткен сейсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде құқық қорғау саласына қатысты мәселелер қаралып, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Тимур Абдуллаев адам саудасы, есірткі бизнесіне қарсы күрес, «Қарасора – 2025» іс-шарасының нәтижелері, сондай-ақ, бұрын сотты болғандардың қылмысқа қайта баруының алдын алу шаралары туралы есеп берді. Сонымен қатар аудандық «Мансап» орталығының директоры Сапар Құлманов бұрын сотты болғандарды жұмыспен қамту және оларға қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша баяндама жасады. Ал аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Назира Алтауова сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстарды тізбектеді. Аудан әкімі жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, жүргізушілердің мәдениетін қалыптастыру, қылмыс орын алуы ықтимал орындардың картасын жасау мәселелерін хаттамаға енгізіп, жауапты басшыларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Жәнібек СҰЛТАН.