Мамай мен Сөгетіге таза ауыз су келді
55 ViewsӨткен жұмада Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары үшін тарихи күн болды. Олай деуге толықтай негіз бар. Себебі талай жылдан бері…
19 қазан – Құтқарушылар күні. Біздің газеттің тілшісі Марат Диханбай атаулы мерекеге орай, аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне барып, сондағы қызметкерлермен тілдесіп, мақала әзірледі. Газетіміздің бүгінгі санында тілшіміз дайындаған материалды жариялап отырмыз.
«Апат айтып келмейді» деген сөз бар қазақта. Ол рас. Әйтпесе дамыған Жапонияңыздың өзі осы уақытқа дейін апат болатынын білсе, бірдеңе ойлап табар еді ғой. Ол мүмкін емес. Соны түсінетін уақыт та жетті. Десе де, біздің жұрт әйтеуір өзі білмесе де, сырттан тон пішуге әуес қой. Көктем де, тіпті жақында ғана болған жер сілкінісін де біраз жерге апарып тастады кейбір ағайындар. Оны құлақ естіп, көз көріп жүр. Дегенмен осы салада еңбек етіп жүрген мамандар бар. Олар да «ай қарап, жұлдыз санап» жүрген жоқ қой. Олардың да жұмысы – оңай емес. Өрт болса, жедел сол жаққа барады. Су тасқыны болса да, олар сол жерден табылады. Апатты болдырмауға барлығы да жұмыла еңбек етеді. Ешкім елге жаманшылық ойламайды ғой. Сондықтан айналып тағы да мына ойға келеміз. «Күннің қалай құбыларын» ешкім білген емес және білмейді да…
Биыл ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына – 30 жыл толып отыр. Осы мерекемен тұспа-тұс келген Құтқарушылар күні қарсаңында біз Нұрболат Қадырханов басшылық ететін Тұрар Рысқұлов аудандық Төтенше жағдайлар бөліміне бардық. Нұрболат Маратұлының өте еңбекқор азамат екенін білеміз. Ол басқарып отырған ұжымдағы қызметкерлер де өте табанды әрі жауапкершілікті білетін мамандар десек болады. Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 29 қызметкер еңбек етеді. Оның 10-ы офицер және бөлім 4 арнайы өрт сөндіру техникасымен, 2 қызметтік автокөлігімен жабдықталған. Бізге берген мәлімет бойынша аудан аумағында 2025 жылдың 9 ай ішінде 101 телефон желісіне 233 хабарлама келіп түскен екен. Соның ішінде 37 өрт оқиғасы тіркеліпті. Жеке меншік тұрғын үйлерде 11, автокөліктерде 6, тұрғын үйлердегі шөпханада 13, кәсіпкерлік нысандарында 2, табиғи 5 өрт оқиғасы орын алыпты. Сала мамандары құр босқа қарап жүрген жоқ әрине. Олар 2024-2025 аралығында аудан көлеміндегі орын алған өрттерді талдау нәтижесі бойынша бекітілген кестеге сәйкес, аудандық №10 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамын тарта отырып, аудандық электр жүйесі, аудандық газ шаруашылығы мекемесі және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 14148 тұрғын үйлерді аралап шыққан екен.
Аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігі шараларын ескерту жұмыстары нәтижесінде әрбір тұрғын үйлердің иелеріне 12500 жаднама қағаздары да таратылыпты.
Жұмыс жүргізіліп жатыр. Олардың көздеген еншілері де еңбек. Әңгімелесу барысында әрбір қызметкердің сөзінен біз осыны ұқтық. Бөлім қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп жұмыс атқарып отырады. Аудан әкімдігінің қызметкерлері тарапынан кезекші жауапты қызметкер күнделікті аудан аумағындағы төтенше жағдайлар және оқиғалардың жағдайы туралы ақпараттардың жиналуын ұйымдастырып, жұмыстарын жүргізіп, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшлігіне баяндап отырады. Мәтінді көп қылып та мақала әзірлеуге болар еді. Бірақ біз осы жолы суреттерді сөйлетуді жөн санадық. Шынайы суреттен жұмыстың да қайнаған тіршілігі көрініп тұрады. Осы жолы дәл солай сезілгені рас.
Марат Диханбай.