Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Аудандық соттың төрағасы Айдарбек Замбаев 2025 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Оған «Құлан таңы» газетінің тілшісі Марат Диханбай да қатысты.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерді айтты.
2025 жылдың 9 айында 42 қылмыстық іс 48 тұлғаға қатысты қаралған. Оның ішінде 36 тұлғаға қатысты 33 іс үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 514 тұлғаға қатысты 514 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 422 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалған, 92-сі қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 53 іс қысқартылған.
Сондай-ақ, 2025 жылдың 9 айында 847 азаматтық істер қаралып, оның ішінде 487 азаматтық іс бойынша шешім қабылданған. 170 азаматтық іс өндірістен қысқартылып, оның ішінде 156 азаматтық іс медиация тәртібімен, 11-і бітімгершілік тәртібімен қысқартылған. 86 азаматтық іс қараусыз қалдырылған. Бұйрық арқылы іс жүргізумен 102 азаматтық істер қаралған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 40 мақала жарияланып, 10 дөңгелек үстел, 8 семинар және 3 баспасөз конференциясы өткізілді.
Конференция соңында төраға Айдарбек Замбаев тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.
«Құлан таңы» ақпарат.