Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
2025 жылдың 20-шы қазаны мен 19-шы қараша аралығында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «БРАКОНЬЕР» өңірлік жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді. Іс-шара мақсаты – вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар поездарында су аңдарын заңсыз аулау, тасымалдау деректерін анықтап жолын кесуге, сондай-ақ, экологиялық қылмыстарды ашуға, азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, суық қаруды сақтауына, алып жүруіне, аң, балық аулау, ағаш кесу, табиғатты пайдаланудың басқа да түрлерін дайындау құқығына, биологиялық ресурс объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғына іс-шаралар өткізуге, заңсыз алынған биоресурстар объектілері мен өнімдерін сатып алу, өткізу, сатудың алдын алып бақылауды күшейту болып табылады.
Ераслан Есенғали,
Түрксіб станциясы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің азаматтық және қызметтік қару айналымы бақылау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты.