Өзара тәжірибе алмасты

18 Views

Елімізде 1 тамыздан бастап Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтіп жатыр. Бұл науқанда ауданымыз ауқымды жұмыстар атқарып, облыс бойынша үздік үштікке енді. Санақ барысындағы нәтижелі жұмыс шетелдік әріптестердің де назарын аудартты. Осыған орай, Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистика комитетінен арнайы делегация келіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қонақтар санақтың жүргізілу тәртібімен, санақшыларды оқыту әдістерімен және цифрлық жүйелерді қолдану тәжірибесімен танысып, жоғары баға берді.
Делегация құрамында Бішкек қалалық басқармасының директоры Алмаз Шакулов, статистикалық санақтар және ГИС бөлімінің бас маманы Бактыбек Орозбаев, ауыл шаруашылығы санақтары бойынша маман Қайратбек Кутубаев және басқа да салалық мамандар болды.
Тараптар санақ процесін тиімді ұйымдастыру, цифрландыру мен халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде өзара тәжірибе алмасты. Бұл іссапар қос ел арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға негіз болды.
Айта кету керек, бүгінгі таңда ауданымызда 16 мыңға жуық респонденттің 6600-і онлайн, 9000-нан астамы офлайн санақтан өтті. Санақ мерзімі әлі аяқталмағанымен, аудан межеленген көрсеткішке ертерек қол жеткізді.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий