Қоғамдық қабылдау өткізді

321 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға тұрғындар жайылымдық жер, баспана, көгілдір отын тарту, ауылішілік көше жолдарына асфальт төсеу, мектеп басшыларын ротациялау және балалардың қауіпсіздігі, жастар тәрбиесі, кәсіпкерлік нысанына жер телімін беру секілді мәселелермен қайырылды. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, әрбір қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі дәйекті мысалдармен жауап берді. Қоғамдық қабылдаудың негізінде қойылған сұрақтар бойынша ұсыныстар талқыланып, тиісті бөлім және мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

Марат Диханбай.

Поделиться ссылкой: