ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

291 Views

Сәрсенбі күні  аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормалары мен тәртіптік жауапкершілік мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының бас мамандары Еламан Інжат және Сандуғаш Жүзбаева қатысып, ауданның мемлекеттік қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі, тәртіптік жаза қолдану қағидалары, мемлекеттік қызмет атқаруға байланысты шектеулер, сондай-ақ, қызметтік әдеп талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек мемлекеттік қызметкерлердің ойын-сауық мекемелеріне баруы немесе құмар ойындары мен бәс тігуге қатысуына қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптары аясында жауаптар берілді.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой: