Жас сайлаушылар клубының алғашқы форумы өтті

123 Views

Жақында, яғни қыркүйек айының 10-ы күні аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылған болатын. Бұл клуб – жастардың саяси мәдениетін қалыптастыруға, сайлау процесінің мәнін түсінуге және қоғамдағы өз орнын айқындауға бағытталған тың бастама.

Осыған орай өткен аптада Құлан агротехникалық жоғары колледжінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері бірлесе ұйымдастырған Жас сайлаушылар форумы өтті. Форумға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді Тұрсынбек, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілхайыр Боранбаев, сондай-ақ, Жас сайлаушылар клубының төрағасы Ералы Әлібаев қатысып, жастарға сайлаудың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады. Форумның негізгі мақсаты – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және әрбір жастың дауыс беру құқығының мәнін түсіндіру болды. Іс-шара барысында студенттерге сайлау процесі туралы жан-жақты ақпарат беріліп, арнайы көрініс көрсетілді. Соңында қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді. Форум жастардың қоғам өміріне белсенді қатысуына, азаматтық жауапкершілікті сезінуіне және саналы шешім қабылдауына тың серпін берді.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой: