Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
2025 жылдың 22 қазаны мен 22 қарашасы аралығында бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес, аудан аумағында «Тұрғын үй секторларында және көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі» айлығы өткізіліп жатқандығын хабарлаймыз. Осыған байланысты аудан аумағында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге аудандық электр жүйесі, газ шаруашылығы және полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен тұрғын үй секторларында, адамдар жаппай жиналатын нысандар мен автокөліктерде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде тұрғындар арасында жаднамалар тарату бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетінін ескертеді.
Өртті болдырмау үшін мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:
– электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ, оған балаларды жақындатпаңыз;
– уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
– электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
– үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
– газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
– сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
– бөлмені жылытуға бей-берекет қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаныз;
– балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз. Оларды қараусыз қалдырмаңыз;
– өрт және жану оқиғасы болған жағдайда тез арада телефон арқылы 101-ге хабарласыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайды.
Көліктердегі өрт қауіпсіздігі:
– автокөліктердің механизмдері мен тораптардың дұрыс істеуін қадағалаңыз;
– аккумуляторларды тура көлік құралдарына, сондай-ақ, осы мақсатқа икемделген үй-жайларда қуаттауға тыйым салынады;
– гараж бөлмесін жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары) сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;
– гараж бөлмесінде жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар;
– гараж бөлмесінде темекі шекпеңіздер;
– автокөліктерде болған өрттерді талдау нәтижесінде өрттердің шығуының басты себебі автомобильдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйықталулар салдарынан болғандығы анықталады. Егер де автокөліктердің тетіктерінің ақаулары байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек.
Құрметті аудан тұрғындары!
Апат айтып келмейтінін ескерсек, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Әрине әр істің алдын алған жөн. Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда тез арада дабыл көтеріп, телефон арқылы «101»-ге немесе «112» нөміріне хабарласыңыздар.
Өртті болдырмаудың ең оңтайлы амалы – оның алдын алу.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.