33 ViewsҚазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында…
Ән әлемінің Шәмшісі
5 085 Views
Луговой ауылдық мәдениет үйінде қазақ вальсінің королі, халық композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Ән патшасы – Шәмші» атты мерекелік байқау өтті. Шараға ауылдың әртүрлі мекемелерінің өнерпаздары қатысып, ұлы композитордың мәңгілік әуенге айналған әндерін тамылжыта орындады. Байқаудың мақсаты – Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын кеңінен насихаттап, жас ұрпақты ұлттық музыка өнерін құрметтеуге тәрбиелеу болды. Әр үміткер өзіне тән мәнермен Шәмші әндерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі бірінші орынды аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімі Жазира Есболова иеленді. Жүлделі екінші орынды 03811 әскери бөлімінің қызметкері Эсмира Сегізбай, жүлделі үшінші орын Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Тұрар Жанділдаға бұйырды. Байқауға қатысқан өзге ұжымдар да номинациялар бойынша марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, Шәмші мұрасының мәңгілік екендігін атап өтті.
Заида Рысқұлова,
Луговой ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі.

