Ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Отбасы институтын нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Ауданда отбасы күніне қарсы әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, аналардың қоғамдағы бейнесін көрсету мақсатында ұйымдастырылған аналар форумы жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараға әр салада қызмет атқарып жүрген ардақты аналар, ауылдық округтерден келген белсенді әйел азаматтар және жастар қатысты.
Іс-шара барысында отбасының ұйытқысы болып жүрген, ауданға еңбегі сіңген бірқатар аналар қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін марапатталып, арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Форумның негізгі мақсаты – ана рөлі арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың маңызды орнын көрсету, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру болды. Шара барысында аналар отбасындағы тәрбие, ұрпаққа үлгі болу, ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, жастарға өмірлік бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңестер айтты.
Айдана Бекмырза,
«Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

