Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Өткен жұмада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Баланың бас ұстазы – ата-ана: ата-аналар мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» деген тақырыпта мәні бар мазмұнды жиналыс өтті. Жиынға аудан әкімі Ернар Есіркепов, аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Сванов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Түменбаев қатысты.
Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған жиынның мақсаты – бала тәрбиесінде отбасының рөлін арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алуда ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты күшейту. Жиналысқа жалпы орта және негізгі білім беретін мектептердің, атап айтқанда, Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі, Ю.Гагарин атындағы негізгі мектеп, №1 мектеп-лицейі, №6 мектеп-гимназиясы және Құлан тірек мектебінің директорлары мен ата-аналары қатысты.
Жиын барысында ата-аналар мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайту, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, мектептегі тәртіп пен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өз сөзінде бала тәрбиесі – тек мектептің емес, ата-ананың да ортақ міндеті екенін баса айтып, бірлесе әрекет етудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан бірқатар маңызды ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, иесіз иттер мәселесін шешу, қоғамдық көлік уақытын реттеу, түнгі жарықтандыруды жақсарту, дүкендерде зиянды өнімдердің сатылуын бақылау секілді мәселелер көтеріліп, аудан басшылығына нақты өтініш-тілектер жолданды. Жиында қатысқан Мұратбек Сванов пен Ерлан Түменбаев та бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын айтты. Қазіргі таңда бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды іс болып отыр. Осындай жиынның өткізіліп отырғаны да сол себептен. Әрбір ата-ана бала тәрбиелеу ісін мектепке жүктеп қоймай, өздеріне жүктелген жауапкершілікті де ұмытпаса екен дейміз.
Айнұр ДИХАНОВА.