Конституция –  Мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат

119 Views

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындайтын, қоғамдық қатынастарды реттейтін және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін басты құқықтық құжат. Конституция – елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық жүйесінің іргетасы болып саналатын жоғарғы заң күші бар акт.

Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы ерекше атап көрсетілген. «Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – ең қымбат қазына» деген қағида негізгі құжаттың басты идеясына айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Конституцияға қоғамдық даму талабына сай бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталды. Конституциялық реформа – мемлекет дамуының тұрақты және демократиялық траекториясын қамтамасыз етудің маңызды тетігі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің құқықтық жүйесінің негізі, мемлекет пен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басты құжат. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ғана емес, сондай-ақ, мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің символы. Конституцияны құрметтеу және оның талаптарын орындау – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы.

Т.Аденова,

аудандық сот әкімшісінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: