Пробация қызметі есебіндегі азаматтарға кеңес беру алаңы өткізілді

50 Views

«Komek.Demeu.kz»қоғамдық қоры Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асыруда. Жоба шеңберінде пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Соның бірі – кеңес беру алаңы. Іс-шараға Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары арнайы шақырылып, спикер ретінде қатысып, қатысушыларға еңбек нарығындағы мүмкіндіктер, кәсіптік оқыту, әлеуметтік көмек түрлері және ауыл шаруашылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалар жөнінде жан-жақты мәліметтер ұсынды. Іс-шараның басты мақсаты – пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету, олардың әлеуметтік және құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

 

«Komek.Demeu.kz» қоғамдық

қорының Президенті Н.Юлдашева

Поделиться ссылкой: