Жастардың рухани дамуы мен патриоттық тәрбиесі – басты назарда

17 Views

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Ақыртөбе ауылындағы Ақыртөбе орта мектебінде, Тереңөзек ауылындағы Жамбыл орта мектебінде, Өрнек ауылындағы Алғабас орта мектебінде және Әбдіжаппар ауылындағы №4 орта мектебінде мазмұнды іс-шаралар өтті. Кездесулерге гуманитарлық ғылымдар магистрі Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы арнайы қатысып, оқушылармен ашық әңгіме форматында пікір алмасты. Спикер өз сөзінде жастардың бойында отансүйгіштік, рухани жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Мұндай кездесулердің басты мақсаты – жасөспірімдердің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру және қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу.

«Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі,

төрайым Бекмырза Айдана

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий