Финалдық интелектуалды ойын өтті

16 Views

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында ұйымдастырылған интеллектуалды сайыстардың маңызды кезеңі – финалдық ойын өткізілді. Бұл финалға үш іріктеу ойынында ең жоғары ұпай жинап, білімділігімен, жылдамдығымен және логикалық ойлау қабілетімен ерекшеленген үздік топтар жолдама алды. Финалдық кезең жоғары дайындықты, жинақылықты және өзара командалық үйлесімділікті талап етті. Қатысушы топтар күрделі сұрақтарға жауап беріп, түрлі интеллектуалды тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің білім деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Іс-шараға жастар, аудан тұрғындары және түрлі сала мамандары қатысып, финалдық ойынның маңыздылығын арттыра түсті.

«Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі,

Төраға Бекмырза Айдана

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий