Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

191 Views

Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әлем бойынша  «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекет» халықаралық  акциясы өткізіледі. Бұл БҰҰ-ның бастамасымен әйелдерге және қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған.

Акция аясында еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде Жамбыл облысында да түрлі форматтағы  іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оның мақ­саты – отбасы мен әйел адам­ға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілікті қалып­тастыру, құқықтық сауаттылықты арт­тыру және азаматтарды өз құқығын қор­ғауға үндеу.

Полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен әлеуметтік сала маман­дары бірлесе отырып, білім беру мекеме­лерінде, мемлекеттік органдарда, халық­пен кездесулер өткізіп, түсін­діру жұмыстарын жүргізуде. Бұл шара­лар қоғамда қауіпсіз әрі зорлық-зомбы­лықсыз өмір салтын насихаттауға бағыт­талған.

Гендерлік зорлық-зомбылық – тек жеке­леген адамдардың емес, бүкіл қоғам­ның мәселесі. Сондықтан мұндай акция­лар әр азаматтың бей-жай қара­мауына, құқық бұзушылыққа жол бер­меуге және зорлық-зомбылықтың алдын алу­ға үлкен септігін тигізеді.

Қоғамдық қауіпсіздік пен отбасы аман­дығы – ортақ міндет. Бейбіт, зор­лық-зомбылықсыз болашақ үшін бірге атса­лысайық!

 

Аудандық полиция  бөлімі.

Поделиться ссылкой: