Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Жақында, яғни қарашаның 26-сы күні Тараз қаласындағы №66 орта мектепте «Адал азамат: құндылық, инновация, тәжірибе» тақырыбында форум өтті. Форумға облыстың білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, педагогтер және барлығы 150-ге жуық маман қатысты. Іс-шарада білім саласындағы өзекті мәселелер мен өнегелі ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған өңірлік тәжірибелер жан-жақты талқыланды.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек Ері Аягүл Төреқызы Миразова да қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп, ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаз тұлғасының маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның мазмұнды ойлары қатысушыларға зор рухани серпін берді. Форум «Құндылықтар керуені» атты тәжірибелік-презентациялық көрмемен ашылды. Көрмеде өңірдегі мектептердің рухани тәрбие бағытындағы үздік жобалары, ұлттық дәстүрді дәріптеуге арналған әдістемелік жұмыстар мен инновациялық бастамалар таныстырылды. Сонымен бірге біздің, яғни Өнер мектебінің директоры Утебаев Бақытжан Оңғарұлының басшылығымен мектеп ұжымы өз жұмыстарын көрмеге ұсынып, ал, қолөнер бөлімінің ұстазы Татаев Жанай Косылғанұлы шәкірттерімен бірлесіп шеберлік сынып өткізіп, шығармашылық жұмыстарын көпшілікке ұсынды. Шеберлік сабағына қатысқан қонақтар мен мұғалімдер Жанай Косылғанұлының тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. Оның ұлттық қолөнерді заманауи бағыттармен ұштастыра отырып өткізген үйрету әдісі қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Шара барысында қонақтар оқушылардың қолынан шыққан бұйымдардың сапасы мен көркемдік деңгейін жоғары бағалап, олардың шығармашылық өнеріне тәнті болды.
Форум соңында ұстаз бен оның тәрбиеленушілеріне арнайы алғыс хаттар табысталып, өңір ішінде ғана емес, республика көлемінде де өнерге қосқан үлестері атап өтілді. Еңбек Ері Аягүл Миразова оқушыларға ризашылығын білдіріп, олардың талпынысы мен білімге деген ынтасы елдің жарқын болашағына негіз болатынын атап өтті. Бұл – ауданымыздың мәдени жетістігін паш еткен маңызды сәттердің бірі болып, жас шеберлерге жаңа шабыт пен сенім сыйлады.
Шолпан Жайлауқызы,
Өнер мектебінің бұқаралық бөлім меңгерушісі.