Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
медиация – келіспеушіліктерді шешуде айрықша маңызға ие
Қазіргі таңда қоғамда туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді шешудің баламалы жолдарының бірі – медиация. Медиация – тараптардың өзара келісімге келуіне көмектесетін бейтарап үшінші тұлғаның қатысуымен жүргізілетін дауларды реттеу тәсілі. Бұл тәсілдер елімізде дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуге, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал ететін тиімді медиация жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осылайша медиацияны еліміздің құқықтық жүйесіне интеграциялау және оны белсенді дамыту жанжалдарды шешу үдерісін айтарлықтай жақсартуға, құқықтық жүйеге деген сенімді арттыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Медиацияның басты тиімділігі – дауласушы тараптардың өзара түсіністікке қол жеткізуі. Сот процесінен айырмашылығы, мұнда екі жақтың да мүддесі ескеріледі, ал шешім тараптардың келісімімен қабылданады. Бұл тәсіл әсіресе отбасылық, еңбек және коммерциялық дауларда өте тиімді болып табылады.
Мемлекеттік қолдау мен барлық мүдделі тараптың белсенді қатысуы медиацияны табысты жүзеге асыруды және неғұрлым үйлесімді, әділ қоғамды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
С.Қалқабаев,
аудандық соттың судьясы.