ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
19 ViewsЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», – деп атап…
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Р. Сәбденов, Қызылшаруа және Бәйтелі ауылдарында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары, мекемелер ауласын, тоғайларды, өзен-көлдерді және ауыл көшелерін тазалады.
Сенбілік барысында арнау айтылып, бата берілді. Қатысушылар өз үлестерін қосып, аумақты ретке келтіріп, қоқыстарды жинады.
Бұл шара тек тазалық жұмыстарымен ғана шектелмей, аға буын мен жастар арасындағы ынтымақты нығайтуға және тазалық мәдениетін насихаттауға бағытталды.
Аталған іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында, Жақсылық ауылының тұрғындары бастаған экоэстафета шеңберінде ұйымдастырылды. Эстафета бұған дейін Абай, Жаңатұрмыс, Қарақыстақ ауылдық округтерінде өткен болатын. Енді ақбұлақтықтар экочелленджді Қорағаты ауылдық округіне жолдады.
«Құлан медиа» ақпарат.