Аудандаєы бірќатар жўмыстар Пысыќталды

18 Views

Осы аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен білім бөлімі тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен саладағы өзекті мәселелер қаралды.

Ағымдағы жылы ауданның білім саласын қаржыландыруға 20,7 миллиард теңге бөлінген. Бүгінде аудандағы 28 мектепке дейінгі ұйым «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидасы негізінде жеке қаржыландыру жүйесіне толық өтті. 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 100%-ға жетсе, 2-6 жас аралығында бұл көрсеткіш 97,5%-ды құрап отыр.

Бөлімге қарасты 39 орта білім беру ұйымында 13309 оқушы білім алуда.

Оқушыларды әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. 1-4 сыныптағы барлық 4905 бала және әлеуметтік осал санаттағы 3041 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 19 елді мекеннен 600 бала 15 автобус арқылы 13 мектепке тұрақты тасымалдануда. Биылғы оқу жылында 4 мектепке 12 жаңа үлгідегі пән кабинеті, сондай-ақ, 2 мектепке технология кабинеттері орнатылды.

Бөлім тарапынан бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 39 мектептің 9-ы арнайы күзетпен және турникет жүйесімен жабдықталған. 30 мектепке жедел басқару орталығына қосылған дабыл түймелері орнатылды. Білім беру ұйымдарында жалпы 300 ішкі және 244 сыртқы бейнекамера жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін Қызылпан Сұлтанбеков атындағы орта мектептің күрделі жөндеуі толық аяқталған болатын.

Кеңес қорытындысында аудан әкімі барлық атқарылып жатқан жұмыстарды саралай отырып, оқушылардың қауіп­сіздігін күшейтуді, сондай-ақ, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру нысандарында жұмыстардың мерзімінде әрі сапалы аяқталуын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Аудан әкімінің  баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий