Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Өткен аптада №6 мектеп-гимназиясында «Жас сақшылар» сыныбы ашылды. Жоба жастарды тәртіпке, патриоттық рухқа, құқықтық мәдениетке баулуды мақсат етеді. Бұл жоба елімізде алғаш рет былтыр басталып, тиімді нәтижелер көрсеткеннен кейін өзге өңірлерде де іске қосыла бастады.
Жергілікті полиция және білім беру саласының өкілдері бұл бастаманы жастардың тәрбиесіне қосылған зор үлес деп бағалап отыр. «Жас сақшылар» сыныбы болашақта құқық қорғау саласына білікті кадрлар дайындауға мүмкіндік бермек. Салтанатты іс-шара барысында оқушыларға қорғану тәсілдері көрсетіліп, түрлі тактикалық әдістер назарға ұсынылды.
Мамандардың айтуынша, дәл осындай баянды бастамалар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Алдағы уақытта да жоба шеңберінде балаларға тактикалық жаттығулар, спорттық дайындық пен тәрбие жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сыныпқа қабылданған оқушылар арнайы форма және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті билік өкілдері «Жас сақшылар» сыныбы аудан жастарына жаңа серпін беріп, елге қызмет етуге ынталандырады деген сенімде.
Жәнібек Сұлтан.