АДАЛДЫҚ – адам мінезіндегі бағалы қасиет

61 Views

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі  «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізді. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес, әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып, білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет. Сонымен қатар ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасады. 

Еліміз демократиялы ел болу жолында қызмет етіп келеді. Ол үшін адал ұрпақ болу, білімді болу, әрбір азамат жемқорлықты болдырмауды өзінен бастаса, оған қарсы бойында күшті иммунитет қалыптасатыны сөзсіз. Осы істе жастар бар күш-жігерін салып еңбек етуі тиіс.  Қазіргі заманғы жастар қай қоғамда да құны кемімейтін мейірімділік, әділдік, адалдық, шыдамдылық секілді адами құндылықтарды басты орынға қойса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жемқорлық – жегі құрт

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ақпараттық және ұйымдастырушылық түсіндіру жұмыстарын  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұйымдастыру арқылы іске асырды.

Аудан тұрғындары мен колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда диалогтық алаңдар, кездесулер өткізілді. Онда жастар белсенділік танытып, көпшіліктің пікірімен санасып, өз ойларымен ашық бөлісті. Індетпен күресті әр азамат өзінен бастауы керек. Ата-ананың бала тәрбиесінде жемқорлыққа қарсы күресте жауапкершілігі жоғары болуы керек.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бүгінгі шаралардың басты мақсаты – тұрмыстық  сыбайлас жемқорлықты жою.  Студент жастар сыбайлас жемқорлық туралы қажетті ақпараттармен сусындады, көзделген мақсатқа жету үшін психологиялық жаттығулар жүргізілді. Жастар бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіру және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырылды.

«Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі.

Поделиться ссылкой: