Сенат депутаты ауданымызєа келді

82 Views

Қазақстан  Республикасы  Парла­менті Сенатының депутаты Бекболат Орын­беков ауданға жұмыс сапарымен келді. Кездесуге аудан әкімі Ернар Есіркепов, мәслихат депутаттары, бөлімдер мен мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары және мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.

 

Жиында  жаңа  Бюджеттік  кодекс  пен Салық кодексіне енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланды. Сенатор бұл жаңашылдықтар мемлекеттік қаржы саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлердің қаржылық дербестігін күшей­туге және экономиканың ор­нықты дамуын қамтамасыз етуге бағыт­талғанын атап өтті.

Жаңа Бюджеттік кодекс аясында жергілікті бюджеттердің өкілеттіктері кеңейіп, бюджеттік жоспарлау мен қаржы қаражатын жұмсауда ашықтық пен нәтижеге бағдарланған тәсіл күшейетіні айтылды. Сонымен қатар мәслихаттардың бюджет процесіндегі рөлі артып, бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді игерілуіне бақылау күшейтіледі.

Сондай-ақ, Салық кодексіне енгі­зілген өзгерістер салық әкімшілендіруді оңтайландыруға, кәсіпкерлік субъек­тілеріне түсетін жүктемені әділ бөлуге және жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу соңында қатысушылар заңнамалық өзгерістердің жергілікті деңгейде тиімді іске асуына қатысты пікірлерін білдіріп, өңірдің өзекті мәселелерін депутатқа жеткізді. Бекболат Орынбеков айтылған мәсе­лелерді мұқият тыңдап, назарға алды.

Сондай-ақ, іссапар барысында сенатор Луговой ауылында жаңадан салынып жатқан «Түрксіб» теміржол вокзалының құрылысымен танысып, жобаның орындалу барысын тексерді.

 Ақжарқын Мұратбекқызы.

Фото Ербол уазиевтікі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий