Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
28 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Ақбұлақта алпыс әке бас қосты
Сейсенбі күні Рахым Сәбденов ауылындағы Ақбұлақ орта мектебінде тағылымы терең, мағынасы бөлек шара өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Әкелер кеңесінің қатысуымен ұйымдастырылған бұл басқосу – ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әкелердің бірлігін көрсетті.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне Ақбұлақ орта мектебінің ұжымы үлкен үлес қосты. Әкелерге арнап жүрекке жетер әндер шырқалып, тәрбиелік мәні зор өлеңдер оқылды. Әрбір айтылған сөз – әке мен бала арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналды.
Бұл кездесудің басты мақсаты – мектеп өміріне әкелерді барынша тарту, бала тәрбиесіне деген жауапкершілікті күшейту, ұрпаққа өнегелі тәрбие беру. Себебі әкенің тәрбиесі – баланың болашағы, елдің ертеңі.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.