Ата-аналар мектеп ауласына ағаштар екті
28 ViewsӨткен сәрсенбіде №6 мектеп-гимназиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Бір отбасы – бір тал» деген тақырыпта іс-шара өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Бақкелді…
Өткен жылы аудандық сотта 652 әкімшілік іс қаралған
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының төрағасы Айдарбек Замбаев 2025 жылдың 12 айында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі Марат Диханбайдың қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.
Сот төрағасы сотпен атқарылған жұмыстар туралы және қаралған істер мен материалдар бойынша статистикалық деректерін айтып өтті.
2025 жылдың 12 айында 60 қылмыстық іс 67 тұлғаға қатысты қаралған. Оның ішінде 51 тұлғаға қатысты 47 іс үкім шығарумен аяқталған.
Есепті кезеңде 652 тұлғаға қатысты 652 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 523 іс бойынша әкімшілік жаза тағайындалып, 129-ы қысқартылған. Оның ішінде тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы 86 іс қысқартылған. Сондай-ақ, 2025 жылдың 12 айында 847 азаматтық іс қаралған. Оның ішінде 696 азаматтық іс бойынша шешім қабылданған. 252 азаматтық іс өндірістен қысқартылып, оның ішінде 228 азаматтық іс медиация тәртібімен, 18-і бітімгершілік тәртібімен қысқартылған. 124 азаматтық іс қараусыз қалдырылып, бұйрық арқылы іс жүргізумен 116 азаматтық істер қаралған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 52 мақала жарияланған, 12 дөңгелек үстел, 9 семинарлық сабақ, 4 баспасөз конференциясы өткізілген.
Соңында төраға А.Замбаев тілшінің сот жүйесіне қатысты барлық сұрақтарына жауап берді.
«Құлан таңы» ақпарат.