Жаңа Конституция жобасындағы 37-бап маған өте маңызды болып көрінеді.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны сақтау әрқайсымыздың қолымызда. Жаңа Конституция жобасындағы 37-бап маған өте маңызды болып көрінеді.
Бұл бапта әрбір азамат табиғатты қорғап, табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті екені нақты айтылған. Сонымен бірге мемлекет адамдардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды басты мақсаттардың бірі ретінде белгілеп отыр.
Бұл – экология мәселесіне үлкен мән беріліп жатқанын көрсетеді. Егер адам өмірі мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қауіп төндіретін жағдайлар жасырылса, заң бойынша жауапкершілік қарастырылатыны да өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Бүгінде ауданымызда еріктілер экологиялық акцияларға белсенді қатысып, сенбіліктер ұйымдастырып, ағаш отырғызу, өзен көлдерді тазалау жұмыстарына атсалысып жүр.
Олардың еңбегі – табиғатты қорғауға қосылған үлкен үлес деп білемін.
Осындай игі істер арқылы жастар қоғамға пайдалы бола алады деп сенемін.
Таза табиғат – біздің денсаулығымыз бен болашағымыздың кепілі.
Әбіләшім Мырқасымов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары.

