Референдум: Қазақстан Тәуелсіздігінің жаңа кезеңі

10 Views

Еліміздің жас патриоты ретінде мемлекеттік рәміздеріміздің қадір-қасиеті әрдайым жоғары болуы керек деп санаймын. Өкінішке қарай, кейде Мемлекеттік Туымыздың немесе Елтаңбамыздың дұрыс пайдаланылмай жатқанын көріп, алаңдайтыным рас.
Сондықтан жаңа Конституцияда 11-баптың көрініс тапқанына қуаныштымын. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран екені нақты көрсетіліп, олардың сипаттамасы мен пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленетіні айқындалған.
Бұл норма рәміздерімізді құрметтеуді күшейтіп, олардың заң аясында дұрыс қолданылуына негіз болады деп сенемін.
Әр азамат мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, оларға жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Өйткені рәміздерге деген құрмет – Отанға деген құрмет деп біліңіз.

Айдана Акилова,
«Құлан медиа» ақпараттық орталығының тілшісі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий