«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік несиеге сатып алынған үйлер бойынша шарттардың талаптары

14 Views

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік несиеге сатып алынған үйлер бойынша шарттардың талаптарына төмендегі түсіндірме береді.

Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарымен, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен (басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда) , ұсынылған несие бойынша «Отбасы банк» арқылы Қарыз беру (займ) және Кепіл ( залог) шаттар жасалынады.
Кепіл шарттың 2.2.8 тармағына сәйкес, несие (кредит) толық өтелгенге дейін, кепіл мүлкін ( сатып алынған үй) :
– сатуға;
– жалға немесе тегін басқа тұлғаға пайдалануға беруге тиым салынады. Сонымен қатар Кепіл шартының 2.2.3 талабына сәйкес, несиеге сатып алынған үйді:
– тиісті түрде ұстауға;
– сақталуына шараларды қабылдауға
– коммуналдық қызметтерді, мүлік, жер салығын, сақтандыру және өзге де төлемдерді уақтылы төлеуге мамандар міндетті, деп көрсетілген.
Кепіл шартының 2.2.6 тармағына сәйкесі «Кепіл затының құрып кету немесе бұзылу кезінде, маман Кепіл затын (кепілде тұрған үй) қайта орнына келтіру немесе басқа тең бағалы мүлікпен ауыстыруға міндетті». Кепілге қойылған мүлікті сақтау мақсатында жыл сайын үйлерге бақылау жүргізіліп отырады. Қарыз беру шартының 2.5 тармағына сәйкес, несие (кредит) толық өтелгенге дейін қарыз алушы (маман) міндетті:
– несиені мақсаты бойынша пайдалануға;
– негізгі борыш сомасын (ай сайынғы төлемдерді) уақытылы өтеуге.
Кепіл шартының 2.3.1- 2.3.5 және Қарыз беру шартының 2.5.7 талаптарына сәйкес, несие алған маман өз міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған тәртіппен, сот және соттан тыс жүзеге асыру жолымен Қарыз алушы (маман) Қарыз беруші («Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппараты») алдында оған жеке меншік құқымен тиесілі мүлікпен, соның ішінде шоттарында теңгедегі ақшамен жауап береді.
2019 жылдан бері Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі шарт талаптарын бұзған 18 борышкер –маманнан 47 123 601,5 теңгені өндіру туралы талап арызды сотқа жіберген, талап арыздар сотпен толық қанағаттандырылған.
Осыған орай, «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді несиеге сатып алған мамандардан Кепіл және Қарыз беру шарттарының талаптарын бұзбауды және кепіл мүлкін сақтауын сұрайды.

Аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий