Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
48 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Тұрар Рысқұлов ауданының соты көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола отырып, масаң күйінде көлік құралын басқарған К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 346-бабының 1-бөлігі).
Сотпен анықталғаны:
Сотталушы К. 2022 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралдарының барлық түрлерін басқару құқығынан айырылып, 2025 жылдың желтоқсанында досының көлігін мас күйінде басқарған. Оны полиция қызметкерлері Қарақат ауылының бір көшесінде тоқтатып, медициналық куәландыруға жеткізген.
К-нің кінәсі іске қатысушылардың айғақтарымен, медициналық қорытындымен және істің басқа да материалдарымен расталды.
Тараптардың позициясы
Прокурор сотталушыны 2 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, оған жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот үкімі
ҚК 346-бабы 1-бөлігінің санкциясы 5000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді.
Сот кінәні мойындауды және оның оң қырынан сипатталуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімімен К. ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Құлан таңы» ақпарат.