Ерлан Қошанов бастаған Жалпыұлттық коалиция Тараз өңірінде жаңа Конституция жобасын таныстырды

21 Views

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік ететін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы облыс аумағына арнайы келіп, жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында жұртшылықпен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл сапар алдағы референдум қарсаңында қоғам пікірін ескеріп, ұлттық маңызы бар конституциялық өзгерістерді талқылауымен маңызды. «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен негізгі кездесуге облыстан шамамен 500 тұрғын – зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, медицина қызметкерлері, педагогтер және түрлі сала азаматтары қатысты. Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскен кезеңнен бастап жаңа Конституцияның негізі қаланып, құжат ауқымды қоғамдық диалог нәтижесінде әзірленгенін атап өтті. Оның айтуынша, референдум ел бірлігі мен тұтастығын айқындайтын тарихи қадам болмақ. Әлемдік тәжірибеде де мұндай саяси шешімдердің мемлекет дамуына ықпал еткен мысалдары жеткілікті. Сондықтан соңғы шешім халықтың таңдауына байланысты екені айтылды.

«Құлан медиа» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий