Қазақ руханиятының көрнекті тұлғасы
48 ViewsИлья Жақанов қазақ өнері мен әдебиетінде өзіндік қолтаңба қалдырған шығармашыл тұлға ретінде танылды. Ол тек әдеби шығармалар жазып қана қоймай, қазақ музыкасының тарихын зерттеуге…
Қайбір мемлекеттің тұрақтылығы, мемлекеттің мемлекет болып сақталып қалуы – үш құндылыққа сүйенеді. Біріншісі – адами-рухани құндылық, екіншісі – мәдени құндылық, үшіншісі – отбасылық құндылық. Осы құндылықтың бәрін ұстап тұратын біздің Ата Заңымыз, яғни Конституция. Қазіргі біздің Конституциямыздың алғашқы бастамасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 8 қыркүйектегі жолдаған Жолдауынан басталды. «Түркістан» газетіне үлкен көлемде сұхбаты да жарияланды. Одан кейін Қызылорда өңірінде өткен V Құрылтайдың куәсі болдық. Жалпы бірінші Конституция соншама халық атқалысқан, соншама халық Конституцияға өз үлесін қосқан деп айтуға болады. Өйткені E-otinish және egov порталдарының ішінде Парламент бөлімі ашылған. Сол арқылы көптеген халық атсалысып жатыр. Бұрынғы Конституция көп нәрсені міндеттеген болса, қазіргі Конституциямыз кепілдеме беретіндігі өте қуанышты жаңалық.
Бердіхан Бабасов, М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің директоры.